Балалар мерекесі

Балалар мерекесі

Балалар жылы атауымен ағымдағы жылғы 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні Мамлют ауданында іс-шаралар ұйымдастырылды.

Басты мереке құрметіне ауылдық округтерде және Мамлютка қаласында көңіл көтеретін іс-шаралар өткізілді: асфальтта сурет салу көрмесі, Н.Погодин атындағы Петропавл драма театры әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама, балалар шығармашылығы көрмесі, биік қуыршақтар өнері, конкурстар, викториналар.

Барлық ауылдық округтерде және Мамлютка қаласында балалардың ойын алаңдары және аттракциондар жұмыс істеді, мультипликациялық фильм тегін көрсетілді.

Тәтті тағамдар тегін таратылды (қолдан пісірілген тағамдар, балмұздақ, кәмпит).

Бұдан басқа Мамлютка қаласында үстел теннисі, ұлттық спорт ойындары бойынша турнир өткізілді, «Достық» саябағында ойын машинкаларда демалу ұйымдастырылды.

Ауылдық округтердің әкімдері, ауылшаруашылық құрылымдар басшылары, мектеп директорлары көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға барды.

Барлығы 11 ауылдық округте және Мамлютка қаласында қайырымдылық көмекпен 156 бала қамтамасыз етілді, оның ішінде 97 бала аз қамтамасыз етілген отбасылардан, 18 жетім бала.

Іс-шараның демеушілері ауданның ауылшаруашылық құрылымдар басшылары мен жеке кәсіпкерлер:

 «Мәмбетов және К» СС Е.Н.Мәмбетов, «Щеголев» ЖШС В.Г.Щеголев, «Расан» ЖШС С.Б.Рамазанов, «Стан» ЖШС Қ.Ж.Бекенов, «Арқалық» ЖШС, «Сенім» ЖШС, «Синяковская» ЖК, «Моисеев Д.» ЖК, «СапарАта» ЖК, «Лобода» ЖК, «Мищенко» ЖК, «Жучкова» ЖК, «Макридин» ЖК, «Болтунов» ЖК, «Юзефяк» ЖК.