Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде өтініштерді қарау мерзімдері

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде өтініштерді қарау мерзімдері

Заңнама департаменті ҚР Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі (бұдан әрі — Кодекс) шеңберінде қайта жолданған жағдайда өтініштерді қарау мерзімдерін қайта жаңартуға қатысты мәселеге қатысты келесіні хабарлайды.

Әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешім қабылдау және орындау жөніндегі өтініш негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызметі (Кодекстің 4-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасы) әкімшілік рәсім деп танылады.

Кодекстің 76-бабының бірінші бөлігіне сәйкес өтініш негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш жолданым келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

Сонымен бірге, Кодекстің 65-бабының бірінші бөлігінде сәйкес жолданымды қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен жолданым, келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыға бір мезгілде хабардар ете (хабарлай) отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданады.

Осыған байланысты, қайта жіберілген өтініш немесе оның бір бөлігі бойынша уәкілетті әкімшілік орган, лауазымды адам Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімді қозғайды (Кодекстің 65-бабының үшінші бөлігі).

Бұл ретте қаралып отырған баптың екінші бөлігінде өтініш негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі ол қозғалған кезден бастап есептелетіні регламенттелген.

Осылайша, өтінішті немесе оның бір бөлігін қайта жолдаған кезде әкімшілік рәсімді есептеу мерзімі уәкілетті орган оны қозғаған кезден, яғни қарау үшін уәкілетті органға келіп түскен кезден басталады деп ойлаймыз.

Сондай-ақ, Кодекс сотқа дейінгі міндетті шағымдануды енгізгенін ескеру қажет (20 жұмыс күні).

Әкімшілік актімен, әкімшілік рәсімге қатысушының өзінің және басқа да тұлғалардың әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) бұзған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру немесе қорғау туралы талабы қамтылатын жолданым нысандарының бірі шағым деп түсініледі (Кодекстің 4-бабы бірінші бөлігінің 38) тармақшасы).

Бұл ретте шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі (Кодекстің 91-бабының төртінші бөлігі).

Алайда, іс жүзінде өтініш беруші дереу «жоғары» әкімшілік органға шағым берген жағдайлар орын алады. Өз кезегінде, осы әкімшілік орган сотқа дейінгі шағымдану рәсімін (Кодексте көзделген) сақтау мақсатында шағымды шағым жасалып отырған әкімшілік актіні, әкімшілік әрекетті (әрекетсіздігіне) шығарған органға, лауазымды адамға қайта жіберуге міндетті.

Осылайша, қаралған мысал өтінішті «стандартты» қайта жолдауға жатпайды деп ойлаймыз (Кодекстің 65-бабының бірінші бөлігі), өйткені бұл жағдайда «жоғары тұрған» сатыда шағымды қарау бойынша өкілеттіктер де бар және әкімшілік іс (Кодекстің 4-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасы) қаралып қойған, ол бойынша шешім қабылданған немесе орындалған, бірақ бұл ретте Кодексте көзделген шағымдану тәртібін сақтау бойынша талаптар да бар.

Осыған байланысты, сондай-ақ жоғарыда баяндалғанды назарға ала отырып, шағым уәкілетті органға, лауазымды адамға (әкімшілік актісі, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігіне) қайта жіберілген жағдайда, шағымды қарау мерзімі ол тіркелген кезден бастап есептелуге тиіс деп пайымдаймыз.