Краснознамен ауылдық округінің халқымен тұрақты кездесу

Краснознамен ауылдық округінің халқымен тұрақты кездесу

Ағымдағы жылғы 4 мамырда Краснознамен ауылдық округінің Краснознаменное ауылында аудан әкімінің кезекті кездесуі өтті. Кездесуде ауданның 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы, 2022 жылғы бірінші тоқсандағы жұмыс  қорытындысы және ағымдағы жылға жоспарлар туралы есеп берілді. Кездесу барысында Беловка және Калугино ауылдарындағы медпункттерге интернет тарту және Калугино ауылын сумен қамтамасыз ету туралы сұрақ көтерілді. Барлық көтерілген сұрақтарға түсініктеме берілді, содан соң азаматтарды жеке қабылдау өткізілді. Сұрақтар бақылауға қойылды.