Кезекті кездесу

Кезекті кездесу

Ағымдағы жылғы 27 сәуірде Леденев ауылдық округінің Леденево ауылында тұрғындармен аудан әкімінің кезекті кездесуі өтті. Кездесуде ауданның 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму сұрақтары және 2022 жылға жоспарлар талқыланды. Округ тұрғындары су тарту және Новоандреевка ауылына дейін жолға қиыршық тас төсеу, жер учаскесінің шекарасы және мал бағу сұрақтарын көтерді. Барлық сұрақтарға аудан әкімі түсініктеме берді, содан кейін азаматтардың қабылдауын өткізді. Үш адам өтініш білдірді, сұрақтар бақылауға алынды.