Бүгін қайғылы хабар келді – батыр, Ұлы Отан соғысының ардагері Заки Мурадымович Мамлютов өмірден кетті

Бүгін қайғылы хабар келді – батыр, Ұлы Отан соғысының ардагері Заки Мурадымович Мамлютов өмірден кетті

Бүгін қайғылы хабар келді батыр, Ұлы Отан соғысының ардагері Заки Мурадымович Мамлютов өмірден кетті.

Заки Мурадымович 1927 жылы 15 тамызда туған. 1944 жылы он жеті жаста әскерге шақыртылған және 1951 жылға дейін Қиыр шығыс майданында әскери қызмет етті.

1951 жылы демобилизациядан кейін Петропавл ауылшаруашылық техникуміне түсті. Еңбек жолын 1954 жылы Мамлют машина жасау зауытында шеберден бастады, 1956 жылдан бастап – Мамлют ауданының «Ауылшаруашылық техника» дүкенінің директоры.

80-ші жылдары «Ауылшаруашылық техника» ауданаралық базасы директорының материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі орынбасары болып істеді.

1987 жылы зейнет демалысына шықты. «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдерімен, 2 дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендерімен, «Құрмет белгісімен» және «Құрмет» орденімен марапатталған.

Заки Мурадымович жұбайымен төрт бала және жеті немере тәрбиеледі. Өмір бойы ардагер жастар үшін үлгі болды, қоғамдық өмірге белсенді қатысты, жастарды патриоттық тәрбиелеу жұмысын жүргізді, ардагерлер алқасының мүшесі болды.

Мен осындай жақсы адаммен, өз жерінің патриотымен танысқанымды мақтан етемін! Заки Мурадымовичке барғанда мен оның көзінен ақ пейіл және қолдауды сезіндім.

Бүгін аудан тұрғындары отбасы қайғысына ортақтасып көңіл білдіреді! Жатқан жерің мамық болсын, біздің ардагер!