Қысқы Президенттік көпсайыстан облыс чемпионаты (полиатлон)

Қысқы Президенттік көпсайыстан облыс чемпионаты (полиатлон)

2021 жылғы 2-5 желтоқсан аралығында Петропавл қаласында «Солтүстік-2021» қысқы спорт мерекесі бағдарламасында қысқы президенттік көпсайыс (полиатлон) бойынша облыс чемпионаты өтті. Мамлют ауданының командасы 5 орын алды.

18-20 жас тобында Ларгина Маргарита абсолютті чемпион атанды.

21-23 жас санатында Анастасия Конева қола жүлдегер атанды.

24-34 жас санатында Олеся Пронина мен Павел Полукеев Президенттік көпсайыстың чемпиондары болды.

50-59 жас санатында көпсайыс чемпионы Алма Бәзгенқызы Шингужинова болды.

Спортшылар мен команда өкілі Ю. А. Дуденкоға Алғыс білдіреміз.