Спортшыларға құрмет көрсету

Спортшыларға құрмет көрсету

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу аясында Мамлютка қаласында спортшылар Ларгина Маргарита, Мамлют Мансур және олардың жаттықтырушылары Полукеев Павел Николаевич және Мамлют Харис Закиевичпен кездесу өтті. Мамлют ауданының әкімі В. Лукиннің атынан спортшыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табыс етілді.

Ларгина Маргарита алтын медаль жеңіп алып, 2021 жылдың 29 қыркүйегі мен 3 қазаны аралығында Ресей Федерациясының Рязань облысы Сасово қаласында өткен полиатлоннан (шаңғы роллерлерімен үш сайыс пәні) әлем чемпионатында Әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» нормативін орындады.

Мавлютов Мансур Александрович 2021 жылдың 19-21 қазан аралығында Грек Республикасының Лутраки қаласында өткен еркін күрестен Әлем чемпионатында 4-ші орын алды.