Жұмыс кеңесі

Жұмыс кеңесі

Ағымдағы жылғы 26 қарашада Мамлют ауданы әкімінің аппаратында В. Г. Лукиннің төрағалық етуімен полиция бөлімінің бастығы П. А. Климовты, аудандық мәслихат хатшысы Р. Р. Нұрмұқанованы, бас санитариялық дәрігер З. Х. Биккинаны шақырумен аппарат кеңесі өтті. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін және Тәуелсіздік күнін мерекелеу жөніндегі іс-шараларды дайындау барысы; «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру туралы; сумен қамтамасыз ету обьектілерінің жағдайы және ауылдық округтер әкімдерінің, бөлімдер басшыларының хаттамалық тапсырмаларды орындауы туралы сұрақтар қарастырылды. Бірінші және екінші сұрақ бойынша ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж. С. Каримова, үшінші сұрақ бойынша – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б. С. Уәлиев, сумен қамтамасыз ету объектілері туралы аудан әкімінің орынбасары С. Б. Бәкеев және хаттамалық тапсырмаларды орындау туралы – аппарат басшысы м. а. А. К. Рамазанова баяндады. Барлық қарастырылған сұрақтар бойынша Владислав Геннадьевич нақты тапсырмалар берді. Іс-шара санитариялық нормаларды сақтаумен өтті.