Құрметті статистика қызметкерлері, сала ардагерлері!

Құрметті статистика қызметкерлері, сала ардагерлері!

Сіздерді статистика күнімен құттықтаймын. Статистикалық есеп органдары біздің өміріміздің барлық аспектілерін зерттейді. Алынған мәліметтер негізінде экономика саласында ғана емес, білім беру, медицина, халықты әлеуметтік қорғау саласында да маңызды шешімдер қабылданады. Қоғамды қажетті ресми ақпаратпен қамтамасыз ете отыра, елеулі жетістіктер үшін ақпараттық жағдай жасайсыздар.

Сіздерге жоғары кәсібилік пен адал еңбек үшін шынайы алғысымды білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға бейбітшілік пен келісім, кәсіби қызметіңізге табыс тілеймін.