Құрметтi соғыс және еңбек ардагерлерi, аға буын өкiлдерi!

Құрметтi соғыс және еңбек ардагерлерi, аға буын өкiлдерi!

Бiз жақсы дәстүр бойынша қазан айын Халықаралық қарттар күнiне арнаймыз.

Бұл уақытта аға ұрпаққа ерекше қамқорлық көрсетiлiп, ардагерлер, мүгедектер мен зейнеткерлердiң қажеттiлiктерi мен қамқорлықтарына назар аударылады.

Бұл күн — аға буын өкiлдерiне олардың жасын еске салу күнi емес, бiздiң әкелерiмiз бен аналарымызға, соғыс, еңбек ардагерлерiне, зейнеткерлерге, қарт тұрғындарға мемлекетiмiздiң дамуына қосқан үлесi үшiн, көп жылдық адал еңбегi үшiн, Сiздердiң тәжiрибелерiңiз, мейiрiмдiлiктерiңiз бен даналықтарыңыз үшiн жылы сөздер айтуға тамаша мүмкiндiк беретiн күн!

Аға ұрпақтың өмiрiн лайықты қамтамасыз ету мемлекеттiк әлеуметтiк саясаттың басым бағыттарының бiрi болып табылады. Осы мақсаттар үшiн қажеттi материалдық база құрылып, тиiмдi пайдаланылуда, бiздiң заңнамада белгiленген жеңiлдiктер мен әлеуметтiк кепiлдiктердi iске асыру қамтамасыз етiлуде. Мемлекеттiк әлеуметтiк және арнаулы жәрдемақылардың мөлшерi жыл сайын ұлғаюда.

Экономиканың серпiндi дамуы бiзге әлеуметтiк сала, денсаулық сақтау, бiлiм беру және мәдениет мәселелерiн табысты шешуге, аудан халқының өмiр сүру сапасын ұдайы жақсартуға мүмкiндiк бередi.

Құрметтi бiздiң аға жолдастар, дана және қымбатты тәлiмгерлер!

Сiздердi қарттар күнiмен шын жүректен құттықтаймын! Зор денсаулық, жан тыныштығын, бақыт, белсендi ұзақ ғұмыр тiлеймiн! Әрқашан жаныңыздан сүйiктi және қамқор балаларыңыз, немерелерiңiз бен достарыңыз табылсын.

Сiздер үшiн өмiрдiң күзi жылы, мейiрiмдi, әрi жарқын болсын. Үйлерiңiзге бейбiтшiлiк, жақсылық пен амандық орнасын.

Мамлют ауданының әкiмi В. Лукин