Құрметтi мұғалiмдер!

Құрметтi мұғалiмдер!

Құрметтi педагогикалық еңбек ардагерлерi!

Дәстүр бойынша қазанның бiрiншi жексенбiсi бiз кәсiби мереке — мұғалiмдер күнiн атап өтемiз.

Мұғалiмдердiң маңызды мiндетiнiң бiрi — қоғамға және Отанға қызмет ететiн шығармашыл және ойлайтын тұлғаны, еңбексүйгiш және жауапты азаматты тәрбиелеу. Жастарды оқытып, тәрбиелеп Сiз қазақстандықтардың жас ұрпағын қалыптастырасыз. Заманауи ақпараттық дәуiрде әлемде бiлiм берудiң жоғары технологиялар мен миллиондаған әдiстерi болғғанда, бiлiмдi үйрететiн адам қажет. Мұғалiм кәсiбiнiң маңызы және мағынасы осында.

Қазақстанды көркейту және дамыту жолында барлық қазақстандықтар өз талпынысында бiртұтас. Бұның кiлтi — сапалы және қол жетiмдi бiлiм.

Құрметтi мұғалiмдер!

Шын жүректен кәсiби мереке — мұғалiмдер күнiмен құттықтаймын. Сiздердiң адал және қажырлы еңбегiңiз қоғамда құрмет көрсетудi, жоғары талғамды, орасан күш-қуатты, данышпандықты, шыдамдылықты талап етедi.

Сiздер қоғамда тұлғаны қалыптастыруға, өз таңдауына жауапкершiлiкпен қарауға, өздiгiнен ойлануға ықпал етесiздер. Бүгiнгi күнi отандық бiлiмдi дамыту мәселесi мемлекеттiк саясаттың маңызды мiндеттерiнiң бiрi болып табылады. Осы мереке күнi сiздерге болаттай мықты денсаулық, таусылмас күш-қуат тiлеймiн, бiлiм шыңына және шығармашылық табысқа қол жеткiзе берiңiздер.

Мамлют ауданының әкiмi В. Лукин