Тағайындау

Тағайындау

2021 жылғы 20 қыркүйекте Мамлют ауданы әкiмiнiң аппаратында Солтүстiк Қазақстан облысы полиция департаментiнiң Мамлют ауданының полиция бөлiмiнiң бастығы Петр Александрович Климовты тағайындау өттi. Полицияның жаңа бастығын аудан активiне Солтүстiк Қазақстан облысының полиция департаментiнiң бастығы, полицияның генерал-майоры Марат Сағынтайұлы Төлебаев таныстырып, Мамлют ауданының полиция бөлiмiнiң бастығына жаңа ұжымда сәттiлiк тiледi.

Сонымен бiрге бұрынғы бастық С.Д. Әлжанов қызметiнде қол жеткiзген жоғары көрсеткiштердi атап айтты.

Аудан әкiмi В.Г. Лукин П.А. Климовты тағайындаумен құттықтап, С.Д. Әлжанов бастаған жобалар аудан активiнiң қолдауымен жүзеге асырылатынын атап кеттi.

Содан кейiн аудан әкiмi В.Г.Лукин ауданның дамуына үлес қосқаны үшiн С.Д. Әлжановқа Құрмет грамотасын табыс еттi.