Азаматтардың қабылдауын өткізді

Азаматтардың қабылдауын өткізді

Үстіміздегі жылғы 1 қыркүйекте Мамлют ауданының әкімі В.Г.Лукин азаматтардың қабылдауын өткізді. Барлығы төрт адам өтініш білдірді, олар Мамлютка қаласының және Краснознамен ауылдық округі Беловка ауылының тұрғындары. Өтініш иелері Мамлютка-Петропавл рейс автобусының кестесін өзгерту, ауылдар ішіндегі жолдарды жөндеу, карантин шараларын сақтау бойынша мониторинг топтармен рейдтер жүргізу және көп балалы отбасының картоп отырғызуына келесі жылы жер беру мәселелерін көтерді. Барлық сұрақтарға түпкілікті жауап және түсініктеме берілді.