Қымбатты ұстаздар, оқушылар, ата-аналар, құрметтi Мамлют ауданының тұрғындары!

Қымбатты ұстаздар, оқушылар, ата-аналар, құрметтi Мамлют ауданының тұрғындары!

Бiлiм күнiмен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Бұл күн бiлiм әлемiнде өз жолын ендi бастаған адамдар үшiн көптен күткен күн, өйткенi олар жаңа, әлi бейтаныс, алайда өте жарқын және оқиғаға толы өмiрге қадам басады. Бүгiн алғашқы мектеп қоңырауы соғылатындарға қызықты жаңалықтардың, түсiнiгi мол мұғалiмдер мен адал достардың болуын тiлеймiн. Оқу әрқашанда қызықты болсын, және күш-жiгерлерiң, табандылықтарың, мақсаттылықтарың жетiстiкке жеткiзсiн.

Оқу орындарының табалдырығында салтанатты толқумен педагогтер өз оқушыларын күтуде. Өйткенi, олардың алдында қиын мiндет тұр — бiлiм әлемiне лайықты жолсерiк болу, туған жерге деген сүйiспеншiлiктi және өз елi үшiн мақтаныш сезiмiн тәрбиелеу.

Құрметтi ұстаздар! Сiздердiң педагогикалық таланттарыңыздың, даналықтарыңыздың және шыдамдылықтарыңыздың арқасында сенiмдi бола аламыз — ауданның болашағы ақылды, өзiн-өзi қамтамасыз ететiн, табысты адамдардың қолында. Сiздерге кәсiби табыс, бiлiмқұмар және игiлiктi оқушылар тiлеймiн!

Құрметтi ата-аналар! Сiздер үшiн жаңа толқулар мен уайымдардың уақыты келдi. Балаларыңызға шыдамды болыңыздар. Сiздерден жақсы ешкiм оларға ғылымды түсiнуге және қоғамда өз орнын табуға көмектесе алмайды.

Баршаңызға зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, қуанышты және бақытты өмiр тiлеймiн. Жаңа оқу жылы барлығына қызықты және жемiстi болып, қуанышты жаңалықтар мен жаңа жетiстiктер әкелсiн!

Мамлют ауданының әкiмi В.Лукин