Құрметті мамлюттіктер!

Құрметті мамлюттіктер!

Сіздерді православие мерекесі — Пасхамен шын жүректен құттықтаймын!

Пасха мерекесі көне замандардан бері тарихы бар, жаңару мен өрлеудің нышаны саналып, мейірімділік пен әділеттіліктің бейнесі болды. Бүгін бұл салтанатты мейрам қанша миллиондаған адамдардың жүрегін махаббат пен қуанышқа бөлеп, игі істер жасауға ниеттендіріп, мәңгі құндылықтарымызды және жақындарымызға деген қамқорлық, жомарттық, рақымдылық сынды адамгершілік бағдарымызды нығайтуда.

Президентіміз Қ.К. Тоқаевтің дана басшылығымен Қазақстанның көпұлтты халқы өздерінің діни көзқарастарына қарамастан, қатар тұрып жатқан барлық ұлттардың мерекелеріне құрметпен қарап, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың үлгісін көрсете отыра, шын ниеттерімен бірге бөлісуде.

Құрметті жерлестер! Жарқын Пасха мерекесі Сіздерді игі істер жасап, жақындарыңызға қамқорлық көрсетуге ниеттендірсін! Сіздердің жүректеріңізде бақыт, үйлеріңізде тыныштық және амандық орнасын! Мереке құтты болсын!