Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі.

Құрметті мамлюттіктер, біздің Отан қорғаушылар!

Отанды қорғау-халқымыздың тарихи дәстүрі. Қазақстанның көпғасырлық тарихында оның жауынгерлері туған жері мен еркіндігін талай рет қорғады.

1992 жылғы 7 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Содан бері біздің әскеріміз әскери дайындықтың жоғары деңгейіне жетті, бұл біздің мемлекетіміздің егемендігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Әр түрлі әскерлердегі қызмет біздің 24 жерлесіміз-мамлюттіктер үшін батылдық пен патриотизмнің нағыз мектебіне айналды, олар өздерінің конституциялық және азаматтық парызына адал бола отырып, әскери бөлімшелерде лайықты қызмет атқаруда.

7 мамырды Ұлы Жеңіс күні қарсаңында атап өту кездейсоқ емес. Бұл Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен әкелеріміздің әскери дәстүрлерінің сабақтастығын көрсетеді.

Мамлют ауданының әрбір үшінші тұрғыны Отан қорғау үшін әскерге шақырылды. Жүздеген адам жоғары наградаларға ие болды, олардың төртеуі Кеңес Одағының Батыры атанды: Әбу Досмұхамбетов, Сергей Гуденко, Виктор Скачков және Виктор Довженко.

Жас ұрпақ өкілдері болашақта Отанымыздың қауіпсіздігі мен өркендеуін қамтамасыз ету үшін аға ұрпақтың, қазақ батырларының, майдангер жауынгерлердің, ауған жауынгерлерінің ерлік дәстүрлерін жалғастырады деп сенемін.

Құрметті жерлестер!

Қарулы Күштер қатарында қызмет етіп жүргендердің барлығына мықты денсаулық, жұмыста табыс және отбасында амандық тілеймін.

Елімізде әрқашан бейбітшілік пен тыныштық болсын!