Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Тәуелсіз мемлекет үшін — бұл маңызды мейрамдардың бірі. Халықтың бірлігі, бейбітшілігі және келісімі Қазақстан гүлденуінің және сәттілігінің негізі болып табылады. Бүгін этностық және діни сеніміне қарамастан әрбір азамат, Конституция кепілдік берген өзінің азаматтық құқығы мен бостандығын толық көлемде қолданады. Ел саясатының басты басымдығы болып табылатын этностық салт-дәстүрді, мәдениетті, тілді, әдет-ғұрыпты дамыту үшін барлық жағдай жасалған.
Бүгін қазақстандықтардың ортақ тарихи тағдыры бар біртұтас және достастық шаңырағы құрылды. Елде барлық этностардың теңдігі, олардың тілі мен мәдениетін жаңғырту және дамыу қамтамасыз етілді.
Көктемгі жарқын мейрамда Сіздерге бірлік және келісім, бейбітшілік және үміт, мықты денсаулық, көктемгі көңіл-күй, еңбекте табыс, үйіңізге бақыт және береке тілеймін.
Құрметті жерлестер!
Біздің жер Қазақстандағы көп ұлтты жердің бірі және бұл құндылықты баршамыз мақтан тұтып, нығайтуымыз керек. Балаларды патриоттыққа, зайырлыққа және барлық этностардың мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеуге үйретуіміз керек.
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерге зор денсаулық, жақсылық, береке, Отанымыз — Қазақстан Республикасын көркейту жолында жаңа табыстар тілеймін!
В. Лукин Мамлют ауданының әкімі