Солтүстiкқазақстандықтар жыл басынан берi үш мыңнан астам көлiктi тiркедi

Солтүстiкқазақстандықтар жыл басынан берi үш мыңнан астам көлiктi тiркедi

Жыл басынан берi солтүстiкқазақстандық автокөлiк иелерi төрт мыңнан астам көлiктi өздерi тiркедi. Олардың iшiнде екi мыңға жуық азамат көлiк құралын қайта тiркедi және 1200-ден астамы жүргiзушi куәлiгiн онлайн ауыстырды.

Салыстыру үшiн 2020 жылы СҚО тұрғындары egov.kz порталы арқылы 2956 автокөлiк қайта ресiмдеп, 6006 жүргiзушi куәлiгiн алған болатын.

«Бұрын автокөлiктi тек арнайы ХҚО-да немесе egov.kz электронды үкiмет порталында тiркеу мүмкiн болатын. Ендi мемлекеттiк қызмет kaspi.kz қосымшасында онлайн режимiнде қол жетiмдi. Ендi сатушы автомобильдi қосымшадағы есептен шығарған кезде, сервис көлiк құралына ауыртпалықтарға, айыппұлдарға және салық берешектерiне автоматты түрде тексеру жүргiзедi. Егер төленбеген салықтар мен айыппұлдар болса, сатушы оларды бiрден қосымшада төлей алады. Сатып алушы сатып алу үшiн ақша аударады, баж салығын төлейдi, автокөлiктi есепке қояды және мемлекеттiк нөмiрлiк белгiнi онлайн таңдайды», — деп түсiндiрдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының директоры Жұмабай Еркiн.

Онлайн мәмiле аяқталғаннан кейiн құжаттарды және мемлекеттiк нөмiрлiк белгiнi "Электрондық үкiмет" порталындағы үйге жеткiзуге тапсырыс беруге немесе оларды мамандандырылған ХҚО-да өз бетiнше алуға болады. На сегодняшний день регистрацией транспортного средства через Kaspi приложение воспользовались –606 североказахстанца.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз
қызметi