«Азаматтарға арналған үкiметке» 5 жыл

«Азаматтарға арналған үкiметке» 5 жыл

2016 жылы тұңғыш Президенттiң Ұлт жоспарындағы 100-шi қадамды жүзеге асыру мақсатында құрылған мемлекеттiк корпорация бүгiнде төрт iрi мекеменiң басын бiрiктiрiп («Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жер кадастрының ғылыми-өндiрiстiк орталығы», «Жылжымайтын мүлiк орталығы» және «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық») отыр.

Жыл сайын мемлекеттiк корпорация халықтың үлкен легiн қабылдай отырып, 38 млн-нан астам мемлекеттiк қызмет көрсетедi екн. Бүгiнгi күнi Мемлекеттiк корпорация арқылы азаматтар тiзiлiмдегi 698 қызметтiң 96,5%-дан астамын (674) ала алады, оның 85,5%-дан астамын электрондық портал арқылы алуға болады.

Корпорация құрылғалы берi қазақстандықтарға мемлекеттiк қызметтердi барынша қолжетiмдi ету мақсатында автоматтандыру және ықпалдастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарып келедi. Бес жылдың iшiнде бiз жүзден астам қызметтердi оңтайландырдық, проактивтi және композиттiк қызмет көрсету форматтарын енгiздiк, азаматтардың өмiрiн едәуiр жеңiлдететiн көптеген пилоттық жобаны iске қостық. Жыл сайын мемлекеттiк корпорацияның қызмет көрсету аясы айтарлықтай кеңейе түсуде.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ баспасөз қызметi