Сiздердi Ұлыстың ұлы күнi — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз — бiрлiктiң, ағайын-туыс арасындағы татулықтың, ырыс пен ынтымақтың мейрамы. Ол ертеден тойланып келе жатқан қазақтың салт-дәстүрi мен мәдениетiн қастерлейтiн, қыстың аяқталуы мен көктемнiң басталуын бiлдiретiн мерейлi мереке.
Наурыз мейрамы ұлты мен дiнiне қарамастан, Қазақстанда тұратын барлық этностар үшiн бiрiктiрушi мерекеге айналды. Оның адамдар арасындағы достық пен сенiмдi нығайтудағы, ұлттық дәстүрлердi сақтаудағы рөлi ерекше.
Өкiнiшке орай, коронавирустық пандемия өз түзетулерiн жасады. Алайда көктемнiң келуiмен байланысты мерекелiк көңiл-күйдi ештеңе жоққа шығара алмайды.
Ұлыстың ұлы күнi құтты болып, барша отбасыға құт-береке әкелсiн!