Отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтарын қорғау

Отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтарын қорғау

Мамлют ауданының әдеп жөніндегі уәкілі Т. С. Мамашарипов отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша іс-шара өткізді.

Кездесу барысында «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелері және отбасы-тұрмыстық саладағы құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейтін әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің нормалары қаралды.

Қатысушыларға заңдылықты сақтаудың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеудің, сондай-ақ қоғамда зорлық-зомбылықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.