Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы

Бүгін маңызды күн – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді.

Конституцияда мемлекеттік модельдің іргелі негіздері айқындалған, онда адам, оның құқықтары мен бостандықтары, заң үстемдігінің осы құқықтары мен принциптерін қорғауды күшейту басты назарда болады. Бұл біздің мемлекетіміздің дамуының жаңа стратегиялық бағыты мен бағдарын белгілейді, оны іске асыру таяу жылдардағы басты міндетіне айналады.

Конституциялық қайта құрулар сот төрелігінің дамуына жаңа серпін берді, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтті, соттың тәуелсіздігін, әділдік, заңдылық және мемлекеттің қоғам алдындағы жауапкершілігі қағидаттарын нығайтты.

Азаматтардың, оның ішінде сот төрелігі орбитасына тартылған азаматтардың базалық конституциялық құқықтары мен бостандықтарын күшейту оларды тиімді қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Конституцияда әкімшілік соттардың құқықтық мәртебесін бекіту жария-құқықтық дауларда азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдігін қамтамасыз етуге оң әсер етеді және қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтады.

Кеше Мемлекет басшысы жұмысты қорытындылап, екі палаталы Парламенттің маңызды кезеңі жабылды. Ал бүгін біз жаһандық өзгерістердің алдында тұрмыз. Алда сайлау кезеңі – Құрылтайдағы сайлау.

Жаңа Конституцияға енгізілген терең әлеует еліміздің игілігі мен өркендеуі үшін одан әрі прогрессивті реформалардың сенімді іргетасы болатынына сенімдіміз.