2026 жылғы 20 наурызда Мамлют ауданы әкімдігінің мәжіліс залында әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Динара Анафинаның басшылығымен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста бірқатар мәселелер қаралып, білім беру ұйымдары, ОАА, округ әкімдері тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша бақылауды күшейту, отбасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және тәуекел тобындағы балаларды сүйемелдеу бойынша тапсырмалар берілді.