Құрметті жерлестер!
Сіздерді 5 қыркүйек — Қазақстан халқының тілдері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл маңызды күн – еліміздегі көпұлтты халықтың мәдениеті мен тіліне деген терең құрметтің айқын көрінісі. Қазақстан – түрлі этнос өкілдері тату — тәтті өмір сүріп жатқан бейбітшілік пен келісімнің мекені. Әр ұлттың тілі – оның рухани байлығы, ұлттық болмысының тірегі.
Баршаңызға зор денсаулық, амандық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке тілейміз! Тіліміз – тұғырымыз, бірлігіміз – құндылығымыз болып қала берсін!
Қазақстан халқының тілдері күні құтты болсын!