Ағымдағы жылғы 12 маусымда «2025 жылғы 5 айдағы камералдық бақылау нәтижелері бойынша жиі жіберілетін бұзушылықтар», «мемлекеттік сатып алуды талқылау» және «Онлайн бюджеттік мониторинг "модулін қолдану және оны дамыту перспективалары» мәселелері бойынша семинар өткізілді. Семинар СҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Төлеген Умаровтың төрағалығымен «сұрақ-жауап» форматында өткізілді. Негізгі баяндамашылар ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы-мемлекеттік аудитор Дәурен Мәжитов, жетекші маман - мемлекеттік аудитордың көмекшісі Әділ Уәлиев болды. Семинарға жергілікті атқарушы органдардың, ауылдық округтердің бухгалтерлері мен мамандары және ауданның мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы қатысты.
Семинар барысында бюджет қаражатын пайдалану кезінде заңнамалық нормаларды іс жүзінде қолдану, мемлекеттік сатып алуды өткізу, сондай-ақ бюджеттің төртінші деңгейін енгізуге байланысты мәселелер талқыланды.
Спикерлер Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде туындаған барлық сұрақтарға толық жауап берді