Құрметті медицина қызметкерлері!

Құрметті медицина қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мереке – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер – қоғамның тірегі, жүрегі кең, рухы мықты жандарсыздар. Күн сайын істеріңізге адалдық, жанашырлық және төзімділік танытып, адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін аянбай еңбек етесіздер.

Бұл – жай ғана мамандық емес, бұл – нағыз жүрек таңдауы. Сіздер үміт сыйлап, өмірге қайта оралуға себеп болып, адамдардың сенімін оятасыздар. Сіздердің қажырлы еңбегіңіздің арқасында біз өзімізді қауіпсіз әрі сенімді сезінеміз.

Сіздерге шыдамдылық, жан жылуылығы және адалдықтарыңыз үшін алғысы білдіремін.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға аманшылық, еңбектеріңізге табыс және толағай жетістіктер тілеймін!

Ізгі тілекпен,

Мамлют ауданының әкімі Е. Степаненко