

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Мамлютка қаласының әкімі Оразалинов А.К. тыл еңбеккерлері – Шуваева Раиса Васильевна, Имангулова Сания Шарифуловна және Колупай Любовь Михайловна апаларымызды арнайы барып құттықтады.
Әкім ардақты тыл еңбеккерлерін Ұлы мерекемен құттықтап, олардың ерен еңбегі, ерлігі мен төзімділігі үшін алғыс айтып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасы амандығын тіледі.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан тыл еңбеккерлеріне Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табысталды.