Мамлютка қаласында жастардың қатысуымен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді. Акция барысында қала тұрғындарына алаяқтықтан сақтану жөніндегі ақпараттық парақшалар таратылды.
Құрметті тұрғындар! Қырағы болыңыздар, бөгде адамдарға жеке деректеріңізді, банк картасының мәліметтерін, SMS арқылы келген кодтарды және құпиясөздерді хабарламаңыздар.
Интернет-алаяқтардан сақ болыңыздар! Өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар.