Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті тұтынушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды «Мамлютское1» ЖШС және «MINKESER» ЖШС-ның суды тарату желілері арқылы беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер мен тарифтік сметалар жобаларын талқылау жөніндегі жария тыңдауларға қатысуға шақырады.
Жария тыңдау тарифтерді бекіту немесе өзгерту туралы өтінімдерді қарау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті рәсім болып табылады. Оларды өткізу ашықтықты қамтамасыз етуге, тұтынушылардың пікірін ескеруге және тарифтерді бекіту кезінде әділдік қағидаттарын сақтауға бағытталған.
Жария тыңдаулар 2026 жылғы 14 сәуір Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57 «В», кабинет 335 мекенжайы бойынша өтеді.
«Мамлютское1» ЖШС бойынша сағат 15:00-де;
«MINKESER» ЖШС бойынша сағат 15:30-да.
Уәкілетті органның байланыс телефоны: 8 (7152) 53-42-31.