Азаматтармен құтырма ауруының алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді
Құтыру ауруының пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында Мамлютка қаласы әкімі аппаратының маманы тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Іс-шара барысында құтырудың алдын алу шаралары, жануарлармен қауіпсіз қарым-қатынас жасау ережелері, сондай-ақ тістеу жағдайында және ауруға күдік туындағанда атқарылатын әрекеттер түсіндірілді
Үй жануарларын уақытылы вакцинациялаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды
Сонымен қатар, тұрғындарға құтырудың алдын алу бойынша пайдалы ұсыныстар қамтылған ақпараттық жадынамалар таратылды