Қоғамдық кеңес отырысында алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдаланатын тұлғалар қаралды
2026 жылғы 07 сәуірде Мамлютка қаласының әкімі Оразалинов А.К. Мамлют ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысына қатысты.
Отырыс барысында әлеуметтік тұрақтылық және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды . Алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс пайдаланатын тұлғалармен жұмысқа ерекше назар аударылды .
Қоғамдық кеңес комиссиясы Мамлют ауданының полиция бөлімімен бірлесіп, мекенжайлар бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді . Азаматтармен түсіндіру жұмыстары өткізіліп, ұсыныстар беріліп, әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылды .
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады. Негізгі мақсат — көмек көрсету және құқық бұзушылықтың алдын алу.