2025–2030 жылдарға арналған Қоғамда Заң және Тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарын орындау мақсатында Мамлютка қаласында «Құқық кабинеті» жұмысын жалғастыруда. Кабинет «Әділет» құқықтық ақпараттық жүйесіне, «Заң» деректер базасына, сондай-ақ e-Otinish, eGov және өзге де цифрлық ресурстарға қолжеткізуі бар компьютермен жабдықталған.

