🌍 World Clean Up Day Мамлюткада

🌍 World Clean Up Day Мамлюткада
🌍 World Clean Up Day Мамлюткада
Бүгін, 2025 жылғы 20 қыркүйекте, Мамлютка қаласында халықаралық World Clean Up Day акциясы аясында іс-шаралар өткізілді.
Қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына Мамлютка қаласының ұйымдары мен мекемелері белсене қатысты:
🌲 100 қарағай және шетен көшеті отырғызылды
🔰Шөп пен қамыс шабылды
🗑️ Қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды
Мұндай экологиялық акциялар 🌱 тазалықты сақтауға, 🌿 қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және 👨‍👩‍👧‍👦 тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.