Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы
Құрметті Мамлютка қаласының тұрғындары!
Мамлютка қаласы әкімінің аппараты үй жануарларын еркін серуендету, сондай-ақ иттер мен мысықтарды көшеге тастау
ЖОЛ БЕРІЛМЕЙТІНІН
еске салады.
Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына сәйкес, әрбір жануар иесі міндетті:
Жануарларға лайықты күтім мен ұстау жағдайын қамтамасыз етуге;
Қоғамдық орындарда жануарлардың бақылаусыз әрі агрессивті жүріс-тұрысына жол бермеуге;
Жануарларды көшеге тастамауға және қараусыз қалдырмауға.
Көшеге тасталған жануарлар қала тұрғындарына, әсіресе балаларға қауіп төндіреді.
Аталған талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес
әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Үй жануарларының барлық иелерін жауапкершілікке және айналаңыздағы адамдарға құрметпен қарауға шақырамыз!
Құрметпен, Мамлютка қаласы әкімінің аппараты