Анонс! «Ақ-бидай 2025»

Анонс! «Ақ-бидай 2025»

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

2025 жылғы 4 шілде күні Мамлютка қаласындағы «Юность» саябағында дәстүрлі «Ақ-бидай 2025» спорттық мерекесі өтеді.

«Ақ-бидай» – бұл салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға, бірлік пен патриотизм рухын нығайтуға бағытталған жарқын әрі маңызды шара. Бұл мереке әр жастағы спорт сүйер қауымды біріктіріп, достыққа, сергектікке және белсенділікке толы атмосфера сыйлайды.

Баршаңызды спорттық мерекеге қатысуға, спортшыларға қолдау көрсетуге және осы күнді пайдалы әрі белсенді өткізуге шақырамыз!

Өтетін орны: Мамлютка қ., «Юность» саябағы
Күні мен уақыты: 2025 жылғы 4 шілде, сағат 10:00-де басталады