Баланы терезеден құлап кетуден қалай қорғауға болады?

Баланы терезеден құлап кетуден қалай қорғауға болады?
          Балалардың терезеден түсуіне жол бермеу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті халыққа мынадай қауіпсіздік шараларын жеткізуді ұсынады:
  - есіңізде болсын ашық терезе сіздің балаңыз үшін өлімге әкелуі мүмкін;
  - үйде бала болса, терезелерді ешқашан ашық ұстамаңыз;
  - жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз;
  - баланы ешқашан қараусыз қалдырмаңыз;
  - терезеге арнайы блокираторларды, құлыптарды орнатыңыз, сонда бала терезені өздігінен аша алмайды;
  - балаларыңызды тәрбиелеу, күтіп-бағу және оқыту бойынша ата-аналық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік туралы ұмытпаңыз.