Бүгінгі күні көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлауы-балалардың жарақаттануы мен тұрмыстағы өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып қала береді.

Бүгінгі күні көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың  құлауы-балалардың жарақаттануы мен тұрмыстағы өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып қала береді.
          Балалардың терезеден түсуіне жол бермеу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті халыққа мынадай қауіпсіздік шараларын жеткізуді ұсынады:
  - есіңізде болсын ашық терезе сіздің балаңыз үшін өлімге әкелуі мүмкін;
  - үйде бала болса, терезелерді ешқашан ашық ұстамаңыз;
  - жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз;
  - баланы ешқашан қараусыз қалдырмаңыз;
  - терезеге арнайы блокираторларды, құлыптарды орнатыңыз, сонда бала терезені өздігінен аша алмайды;
  - балаларыңызды тәрбиелеу, күтіп-бағу және оқыту бойынша ата-аналық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік туралы ұмытпаңыз.