Солтүстік Қазақстан облысында «Қызылжар жастары» бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады

Солтүстік Қазақстан облысында «Қызылжар жастары» бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады
СҚО-да «Қызылжар жастары» әлеуметтік ипотекасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады
❗️26 мамыр мен 11 маусым аралығында СҚО-да «Қызылжар жастары» атты жаңа әлеуметтік ипотекалық бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер қабылданады. Бұл – өңір тарихында жастар мен жас отбасыларды қолжетімді баспанамен қамтуға бағытталған алғашқы арнайы бастама.
🔹️Бағдарлама 2024–2029 жылдарға арналған, жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген. Жас мамандар баспананы облыстағы бастапқы және екінші нарықтан сатып ала алады.
🧑‍🔧👩‍🔧Жобаға 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Олар денсаулық сақтау, ветеринария, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау, азаматтық қорғаныс және энергетика салаларында жұмыс істеуі тиіс. Қатысушыларды іріктеу әлеуметтік мәртебесі, отбасылық жағдайы, балаларының болуы және кәсіби тәжірибесі ескерілетін ашық балдық жүйе бойынша жүзеге асады.
Шарттары:
▪️Петропавлда ең жоғарғы сома – 15 млн.тг, аудандарда 10 млн.тг
▪️Бастапқы жарна – 10%
▪️Мөлшерлеме– 6%
▪️Мерзімі – 19 жылға дейін
🏢Құжаттарды қабылдау сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00–14:30) Азаматтарды қабылдау орталығының (Конституция көшесі 58А) бірінші қабатында жүргізіледі. Демалыс күндері – сенбі және жексенбі.
☎️Бағдарлама туралы толық ақпарат пен кеңесті ішкі саясат басқармасынан 8 (7152) 490212, 461458, 500-162 телефондары арқылы алуға болады.