Заң және тәртіп

Заң және тәртіп

🇰🇿 «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында
🌿 2026 жылғы 15 маусымда Леденев ауылдық округінде ауылдық округ әкімінің аппараты, Қоғамдық кеңес және учаскелік полиция инспекторы бірлесіп, округтің жалғыз тұратын тұрғындарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
📱 Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері, жеке деректерді қорғау жолдары, банк карталары мен интернет-ресурстарды қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ белгісіз тұлғалардан келетін қоңыраулар мен хабарламаларға қатысты сақтық шараларына ерекше назар аударылды.
🤝 Іс-шара қатысушыларына алаяқтық әрекеттердің алдын алу және цифрлық кеңістіктегі жеке қауіпсіздікті сақтау бойынша ұсынымдар берілді.