«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы
      🌿🇰🇿 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Леденев ауылдық округінде елді мекен аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жалғасуда. 🧹🌱
       Құрметті округ тұрғындары! 🙏 Баршаңызды өз аулаларыңыз бен үй маңындағы аумақтарды таза ұстауға, қоқысты уақытылы шығаруға, аулаларды ретке келтіруге және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырамыз. 🌳♻️
       Бірлескен күш-жігердің арқасында ауылымызды одан әрі таза, көрікті әрі жайлы ете аламыз. 🤝🏡
       Туған жеріміздің көркеюі мен тазалығына өз үлесін қосып жүрген барлық тұрғындарға алғысымызды білдіреміз! 🌼✨
#ТазаҚазақстан 🇰🇿 #ЛеденевАуылдықОкругі 🌿 #Абаттандыру #ТазаАуыл ✨