🌱 25 сәуірде Қызыләскер ауылдык округта «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ағаш отырғызу және аумақтарды тазалау жұмыстары өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдар өкілдері, зейнеткерлер, жастар және табиғатты аялауға бейжай қарамайтын тұрғындар белсене қатысты. Осындай игі бастамалар экологиялық мәдениетті нығайтып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыра түседі.