сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округі әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінде

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша

ТАЛДАУ АНЫҚТАМА

 

 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кейбір мәселелері туралы»  Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округі әкімінің  2026 жылғы 23 қаңтардағы № 6 бұйрығының (бұдан әрі - бұйрық)  негізінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағиадаларға сәйкес жоғарыда көрсетілген бұйрықпен құрылған Жұмыс тобы «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - аппарат) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Талданатын мерзім: 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін.

Талдау жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 9 ақпаннан бастап 27 ақпанға дейін.

Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. Аппараттың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдер;
  2. Аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдер.
  3. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР.

Жүргізілген нормативтік құқықтық актілерге талдау нәтижесінде тікелей сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындататын нормалар анықталған жоқ.

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР.

2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастыру

Тәуекел -сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының болмауы.

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз құзыреті шегіндегі міндеті болып табылады және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау мен нығайтуға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы кешенді шаралар арқылы жүзеге асырылады:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру - қызметкерлердің адамгершілік, зияткерлік және мәдени дамуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдамауға негізделген белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған үздіксіз тәрбие және оқыту процесі;

Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет - бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Мамлют ауданы әкімі аппаратының қызметіне жүргізілген талдау барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарының жоқ екендігі анықталды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүйелі тәсілдің болмауы мынадай елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатады:

қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық мәселелері бойынша жеткіліксіз хабардар болуы және құқықтық сауаттылық деңгейінің төмендігі;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыруда формалды көзқарастың қалыптасу ықтималдығы;

азаматтар мен қоғамның мемлекеттік орган қызметіне деген сенім деңгейінің төмендеуі;

сыбайлас жемқорлық талаптарының сақталуына бақылаудың жеткіліксіздігі және сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындау мүмкіндігі.

Ұсынымдар:

1) Белгіленген кезеңге арналған білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық шараларды қамтитын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Жұмыс тобының басшысы:

1) қорытынды Талдамалық анықтамаға қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;

2) ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күнінен бастап 3 ай ішінде ұсыныстардың орындалуына мониторинг және бағалауды жүзеге асырсын.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

р/с

Ұсыным

Іс-шара

Іс-шараны аяқтау нысаны

Орындаушылар

Іс-шараны орындау мерзімі

1.

Белгіленген кезеңге арналған білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық шараларды қамтитын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және басшыға бекітуге ұсыну

Жоспар

Г.С.Кошанова

2026 жылғы наурыз