Резервке қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден өтпей тікелей түрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін.
Қатысуға өтінімді pkrezerv.gov.kz сайтында 1 – 30 маусым аралығында беруге болады.
Ағымдағы жылдың 1 – 30 маусым аралығында қатысушы ЖСН және электрондық поштаны енгізу арқылы сайтта тіркеуден өтуі қажет.
Кандидаттың жасы тексерілгеннен кейін оған жеке кабинетте анкетаны толтыруға және қажетті құжаттарды жүктеуге мүмкіндік беріледі.
Сайтқа тіркелу үшін келесі құжаттардың көшірмелерін жүктеу қажет:
|
жоғары білім туралы диплом |
|
еңбек қызметін растайтын құжат (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес) |
|
мемлекеттік тілді B1 деңгейінен төмен емес меңгергенін растайтын әрі жарамды QAZAQ RESMI TEST немесе KAZTEST сертификаты |
Сондай-ақ, тіркеу кезінде қатысушылар алты салалық бағыттың бірін таңдауы керек:
Өтінім беру кезінде мемлекеттік тілді меңгергені туралы жарамды мерзімі бар сертификат болмаған жағдайда кандидатқа берілген промокод арқылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК-да мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша сертификаттық тестілеуден немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында «www.qrt.kz» QAZAQ RESMI TEST тестілеудің онлайн-сервисінде тестілеуден бір рет тегін өту мүмкіндігі беріледі.
QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ-те тестілеуден өту үшін ұсынылған промокодты кандидат жеке өзі пайдалануы тиіс.
Тіркелу барысында сұрақтар туындаған жағдайда кандидат https://pkrezerv.gov.kz сайтындағы Jivo чат немесе +7 700 096 70 74 нөмірі бойынша қолдау қызметіне, сондай-ақ info@pkrezrv.gov.kz электрондық поштасына хат жолдау арқылы жүгіне алады.