«Қоғамға бейімдеуге жол».

«Қоғамға бейімдеуге жол».

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Мамлют ауданының аумағында «Қоғамға бейімдеуге  жол» ведомствоаралық акциясын өткізуде.

Акцияның мақсаты - құқық бұзушылықтың алдын алудың, сотталғандарды әлеуметтік оңалтудың және толыққанды өмірге оралудың тиімді тетіктерін құру.

Бұл акция- пробациялық бақылаудағы адамдарға құқықтық көмек көрсету.

            Акция аясында қарастырылған:

-есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша бару,

-заңгерлік кеңес беру,

-құжаттарды қалпына келтіруге көмек,

-жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, әлеуметтік және күнделікті мәселелерді шешу.

            Жұмысқа пробация қызметінің қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылған, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, әлеуметтік қызметкерлер және психологтар.

            Бұл акцияға жұмыс берушілер сотталғандарға әлеуметтік көмек көрсету арқылы құқықтық тәртіпті орнатуға да атсалысуда.

 

#ЗАҢменТӘРТІП

#Заңүстемдігі