«Заң және тәртіп» Теміржол қателікті кешірмейді: қауіпсіздік туралы ескертеміз
Теміржол маңы — ойын алаңы емес. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемеу — адам өміріне қауіп төндіреді.
Жолды тек арнайы белгіленген өткелдер арқылы кесіп өтіңіз. Алдымен жан-жағыңызды бақылап, пойыздың жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Бұл сәтте құлаққап пен телефон қолданудан аулақ болыңыз.
Ешқашан вагондардың астынан өтпеңіз және автотіркеме арқылы өрмелеп шықпаңыз!
Қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өз өміріңізді де, жақындарыңыздың өмірін де сақтай аласыз!
#ЗАҢМЕНТӘРТІП