«Заң және тәртіп»
Балалардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздігі
Көшеде:
- бейтаныс адамдармен сөйлеспе;
- бөгде көліктерге отырма;
- қайда және кіммен баратыныңды ата-анаңа немесе ересектерге хабарла;
- адам жоқ жерлер мен қараусыз қалған ғимараттардан аулақ бол.
Интернеттегі қауіпсіздік:
- жеке мәліметтерді (мекенжай, сурет, телефон нөмірі) жариялама;
- бейтаныс адамдармен хат алмаспа;
- күдік тудырған хабарламалар туралы бірден ересектерге айт;
- ата-ананың рұқсатынсыз онлайн сатып алулар жасама.
Жол жүрісі қағидалары:
- тек тротуармен жүр;
- жолды жаяу жүргіншілер өткелінен ғана кесіп өт;
- қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтер тақ.