Мониторинг барысында округ аумағындағы сауда нысандары араланып, әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне енгізілген негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасына талдау жасалды. Сондай-ақ, тауарлардың сөрелерде болуы, бағаның тұрақтылығы және тұрғындар үшін өнімдердің қолжетімділігіне ерекше назар аударылды.