«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Белое ауылдық округінде елді мекен аумақтарын абаттандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Өткізіліп жатқан іс-шаралардың маңызды бағыттарының бірі – құрғақ шөпті және қамысты шабу жұмыстары болып табылады. Бұл өз кезегінде экологиялық жағдайды жақсартуға, өрт шығу қаупін төмендетуге және округ аумағында тазалықты сақтауға ықпал етеді.