«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тілдерді оқыту орталығы» КММ Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес 2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жария талқылау 2025 жылғы «17» сәуір мен 2025 жылғы «30» сәуір аралығында 10 жұмыс күні ішінде онлайн форматта өткізіледі. Сұрақтар, түсініктемелер, ұсыныстар, ескертулер жазбаша түрде (электрондық мекенжайға okytuortalygy16@mail.ru) ауызша түрде де (тел. 8 7152 330788) қабылданады, сондай-ақ түсініктемелерді сайтта қалдыруға болады.
Жобалар тізіміне сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-madeniet/discussion-documents/details/725?lang=kk
Анықтама телефоны: 8 7152 330788