Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының 27-тармағына сәйкес мемлекеттік тілдің сауатты әрі дұрыс қолдануын қадағалау мақсатында өңірдегі мемлекеттік мекемелерге ресми интернет-ресурстарына мониторинг жүргізді.
Осыған орай мониторингтің қорытындысын талдау, алдыңғы уақытта кемшіліктерге жол бермеу үшін 2025 жылғы 5 наурыз күні жергілікті атқарушы мекемелерінің қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізілді.
Семинар аясында интернет-ресурстар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестендіру оның ішінде, мемлекеттiк мекемелердің интернет-ресурстарында ресми құжаттар, қаулылар, бұйрықтар, ресми жаңалықтар, баспасөз парағы, инфографика, жарнамалық баннерлер, сондай-ақ мекеме (ұйым) қызметi туралы жалпы ақпарат, байланыс деректерi және тағы басқа да ақпараттардың мемлекеттік тілде болуы туралы сөз қозғалды.
Семинарға қатысушылар интернет-ресурстардың мониторинг жүргізуге қатысты сұрақтарына жауап алып, сайт жұмысына қатысты өз ұсыныстарын ұсынды.